Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Америкалық азамат қазақ тілін «Барахолкада» жүріп үйреніп алған

KAZAKBOL.COM
Гарольд Несбитт

Америкалық Гарольд Несбитт қазақ тілін үйрену үшін жарты жыл бойы Алматының базарына барып жүрген, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазақстанда 20 жылдай тұрамын. 1998 жылдан бері қазақ тілін үйреніп келемін. Әу баста, өзім Айнабұлақта тұрғандықтан, базарға барып, онда жергілікті адамдармен ауызекі сөйлесіп, тілдерін ұға бастадым. Тұрмыстық деңгейде тіл қатысу үшін 6 айдай уақыт кетті. Шыны керек, әлі де таза сөйлей алмаймын, бірақ күндердің күнінде мүдірмей сөйлейтін боламын», – дейді Гарольд Несбитт.

Айтуынша, ол елімізде тұрып жатқан осы уақыт ішінде тек қазақ тіліне үйренуге ден қойғандықтан, орысша білмейді. Мұнысы оны кейде ыңғайсыз жағдайға қалдырады екен.

«Түріме қарап көбіне орыс деп қалады. Маған орысша айтса, түсінбей, қазақша жауап беремін. Бұған шамданатындар да бар. Маған орыс тілін де үйрену қажет, бірақ алдымен лингвистиканы біліп алуым керек», – деп санайды америкалық.

Гарольд Несбитт өз тәжірибесімен бөлісетін кез келді деп санайды. Сондықтан қазақ тілін білмейтіндерге өзінің әдістемесі бойынша үйренуге көмектеспекші. Оның ең басты қағидасы – теорияны жаттау емес, күнделікті сөздерді есте сақтау.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM