Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Жол жүру ережесін білесін бе?» (фото)

KAZAKBOL.COM

Шымкент қ. Полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның ювеналды полиция инспекторларымен Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына жол жүру ережесін түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Ювеналды полиция испекторлары мектеп мұғалімдерімен бірге 1-4 сынып оқушыларына «Жол жүру ережесін білесін бе?» тақырыбында көрме суреттердің байқауын өткізді. Көрме аясында оқушыларға жол жүру ережесін таныстыра отырып, жол белгілерін айыра білуге, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтуге және жолда дұрыс жүруді үйретті.
Ювеналды полиция қызметкерлері және орта сынып оқушылары құраған Жас жол инспекторларының ұйымдастыруымен автокөлік жүргізушілеріне «Абайлаңыз, балалар» жол жүру ережесімен таныстырып, жол жүру ережелері жазылған парақшалар таратылды. Сондай-ақ жоғары сыныптың оқушыларына «Жол қозғалысы қатысушыларының мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып, жолда өзін-өзі ұстау мәдениетін үйретті.
Іс-шараның соңы оқушыларға арналған флешмобқа ұласты.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM