НТВ тілшісі тікелей эфир кезінде таяқ жеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Мәскеуде ішімдік ішіп алған ер адам НТВ тілшісі Никита Развозжаевты тікелей эфир кезінде ұрып жіберген. Оқиға Әуе десанттық әскерлері күнін мерекелеу кезінде Горький саябағында болған. Видео YouTube арнасына жүктеліпті.
Дереккөзі хабарлағандай, журналист мерекеден репортаж жүргізіп тұрады. Сол кезде оның қасына ішімдік ішкен ер адам келіп, оған бейәдеп сөздер айтып кедергі келтіреді. «Помолчите, пожалуйста», — дейді сол кезде НТВ журналисі. Ал мас адам оны жұдырығымен түйіп жібереді. Жанжал кезінде репортаж үзіліп кеткен.
Студиядағы жүргізуші болса «бізде бір қиындықтар болып қалғандай. Тілшінің қалі жақсы деген үміттемін» деп эфирді аяқтаған.
KAZAKBOL.COM