Қырғызстан ІІМ Қазақстанның арнайы қызметімен бірге синтетикалық есірткіні тұрақты тасымалдап келген каналды жойды.
Мекеме мәліметіне қарағанда, екі елдің аумағында арнайы операция 2021 жылдың күзінен бері жүрген. Нәтижесінде Орталық Азия елдеріне интернет арқылы сатып келген нүкте анықталып, екі бірдей наркозертхана жойылған.
31 келі есірткі тәркіленген. Бұдан бөлек 765 келі марихуана табылған. Есірткі сатушылардың орташа табысы 1,8 млн доллар болған.
Арнайы операция кезінде Қазақстанның төрт азаматы және Қырғызстанның үш азаматы ұсталған.
KAZAKBOL.COM