Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Манафорт сотында «Украинадан алған қаржыны жасыру» туралы айтылды

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорттың бизнестегі серігі Рик Гейтс сотта Манафортқа украиналық клиенттерінен алған миллиондаған доллар қаржысын жасыруға қалай көмектескенін айтып берді.

Бұрын өзі де Трамптың сайлауалды штабында жұмыс істеген Рик Гейтс 6 тамызда Вашингтон түбіндегі сотта алғаш рет жауап берді. Гейтстің сөзінше, ауқатты украиналық бизнесмендер Манафортқа саяси кеңес бергені үшін миллиондаған доллар ақша төлеген. Қаржы Манафорттың негізінен Кипрде ашқан есепшоттарына түсіп отырған.

Прокурорлар Манафортты украиналық клиенттерінен алған 60 миллион доллардан астам қаржының көбін жасырып, салық төлеуден жалтарды деп айыптайды.

Қаржы төлеу қитұрқылықтары туралы жауап берген Гейтс «Манафорт өзіне украиналық бизнесмендер қаржыны жасыру үшін Кипрде есепшот ашуға тапсырма берді» деп айтқанын хабарлады. «Манафорттың өтініші бойынша, біз шетелдік банк есепшоттары туралы ақпаратты америкалық салық органдарына хабарламадық» деді Гейтс.

Рик Гейтс 2018 жылдың басында астыртын сөз байласты деп айыпталып, кейін жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлармен жұмыс істесе бастаған. Гейтс Манафорт екеуі шетелдік банктегі Украинадан ақша аударылған есепшоттарды қадағалағанын мәлімдеді. Гейтстің сөзінше, есепшотты Манафорттың жақын бизнес серігі әрі саяси кеңесші Константин Килимник те қадағалаған. Биыл маусымда оған Пол Манафорттың ісіне байланысты куәгерлерге қысым жасады деген айып тағылған.

АҚШ арнайы прокуроры, Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін тергейтін Роберт Мюллер Константин Килимкинді Ресей барлау қызметімен байланысы бар деп айыптайды. Килимкин айыптауды терістейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM