Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда COVID-19 вирусы таралуы бойынша «қанық қызыл» аймақ пайда болды


Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың таралуы өте қарқынды болып жатқан аймақты «қанық қызыл» етіп белгілеу жөнінде қаулы шығарды.

Осыған байланысты «қанық қызыл» аймақтағы Ashyq жүйесімен жұмыс істейтін кәсіптік субьектілер 2 тамыздан бастап демалыс күндері жұмыс істемейтін болады.

9 тамыздан кейін «қанық қызыл» аймақтағы Ashyq жүйесін қолданатын нысандарға түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Осыған дейін аймақтар вирустың таралуына байланысты қызыл, сары және жасыл аймақ деп бөлінген. Қазір Түркістан облысынан басқа өңірлер «қызыл» аймақта. Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханаларда науқастар 70 пайыздан асқан.

Сонымен бірге бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, Алматы, Атырау, Шымкент және Қарағандыда 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесін қолданбайтын барлық мекемелердің қызметі тоқтайды. Бұл тізімге мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері, БАҚ, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар кірмейді.

Осыған дейін Қазақстанның қоғамдық тамақтану ассоциациясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жазған. Олар егер жұмыс уақытын қысқартатын болсақ, табыс 70–80 процентке дейін түсіп, 30 проценттен астам қоғамдық тамақтану орындары жабылуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM