Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда отбасылық тирандардың құқығын шектейтін заң жобасы әзірленді

KAZAKBOL.COM

Жогорку Кеңеш депутаттары Наталья Никитенко мен Аида Касымалиева отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заңдарға бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынып жатыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқы үшін парламент сайтына жарияланды.

Заң жобасына Тұрғын үй кодексіне өзгертулер енгізіп, отбасылық зорлық жасаған адамның меншік құқығына қарамастан, оны үйден шығару ұсынысы қарастырылған. Бұдан бөлек құжатта Отбасылық кодекске ерлі-зайыптының бірі екіншісіне және балаға зорлық көрсетсе, оның ата-аналық құқығын шектеуге жол ашатын бапты енгізу ұсынылған.

Заң жобасында құқық қорғау органдарының отбасылық зорлықтан қорғау бойынша ұйғарым құқықтарына оқиға болған жерге барғанда тәуекелділікті бағалау қаулысын түзу туралы норманы да қосу ұсынылған. Бағалау методикасын министрлер кабинеті анықтауы керек болады.

Бұдан бөлек құжатта ақсақалдар сотының отбасылық зомбылықтан қорғау туралы ұйғарым құқықтарын жоққа шығарып, оны пробация және жазаларды атқару органдарына беру көрсетілген.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, 2020 жылы Қырғызстанда 9 мың 25 тұрмыстық зомбылық тіркеліп, олардың 947-сі сотқа дейін жеткен. 2021 жылдың басынан бері 7 665 отбасылық зомбылық тіркелген.

Таяуда Әлемдегі әйелдердің қауіпсіздігі және бақуаттығы бойынша ғаламдық индексте (WPS) Қырғызстан әйелдер үшін Орталық Азиядағы ең қауіпті елдер қатарында аталып, 170 елдің ішінен 97-орынға жайғасқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM