Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері Навальныйды босатуын талап етті


«Үлкен жетілік» елдерінің (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония) сыртқы істер министрлері мен ЕО сыртқы саясат мекемесінің басшысы Жозеп Боррель Ресей билігінен Алексей Навальныйды және 23 қаңтардағы акцияда ұсталғандарды тез арада босатуын талап етті.

Министрлер Навальныйдың «саяси астармен» ұсталуын сынап, Ресей билігін адам құқықтарын және халықаралық міндеттерін орындауға үндеді.

Бұған қоса, министрлер Мәскеуді Ресей аумағында химиялық қару қолдануын тексеріп, соған қатысты тұщымды түсініктеме беруге шақырды. Былтыр жазда Алексей Навальныйды Ресейде «Новичок» тобына жататын умен улаған. Ресей химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияға қосылған.

Министрлер 23 қаңтарда Навальный қолдау акциялары кезінде мыңдаған бейбіт тұрғын мен журналистің ұсталуына алаңдап, Ресей билігінен ұсталғандарды тез арада босатуын талап етті.

23 қаңтарда Ресейдің жүзден астам қаласында Алексей Навальныйды қолдау акцисы өтті. Оппозициялық саясаткер биыл 17 қаңтарда ұсталып, келесі күні сот оны отыз тәулікке тергеу абақтысына отырғызды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM