Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда жоғары оқу орнына түскісі келетіндер ағылшын тілінен емтихан тапсырады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде ағылшын тілінен емтихан тапсыру керек. Әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде бұл тақырып кеңінен талқыланып жатыр.

Абитуриенттердің кейбірі биліктің жоғары оқу орындарына түсуге арналған емтиханға үш ай қалғанда осындай өзгеріс енгізгеніне наразы. Олар ағылшын тіліне талаптың күшеюіне қарсы емес, бірақ мұндай өзгерісті біртіндеп енгізу керек деп есептейді.

Өзбекстан мемлекеттік сынақ орталығының өкілі «Озодлик» журналисіне абитуриенттердің алаңдауына негіз жоқ екенін айтты.

«Ағылшын тілін міндетті мәндер қатарына қосу жөнінде жоба бар. Міндетті пәндерге ана тілі, материматика мен тарих жатады. Енді оған ағылшын тілі қосылып отыр. Бірақ биыл мұндай өзгеріс ағылшын тілі қажетті жоғары оқу орындарында ғана қолданылады. Ал 2023-2024 жылдары осындай тәртіпқо толық өтеміз», — дейді мемлекеттік орталық өкілі.

2021 жылғы мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев оқу орындарының түлектері кем дегенде екі шет тілін білуі тиіс деп мәлімдеген. 2022 жылдан бастап республикада жұмысқа қабылдау кезінде кем дегенде бір шет тілін білуді талап ете бастады. Мұндай талаптың мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне де қатысы бар.

Сарапшылардың кейбірі биліктің ағылшын тіліне қатысты талапты күшейтуін Батысқа жақындау әрекеті деп түсінеді.

Өзбекстан ағылшын тілі білімі «өте төмен» елдер қатарында. Республика бұл көрсеткіш бойынша әлемнің 112 мемлекеті арасында 88-орында, Ауғанстан (87-орын) мен Сирияның (89-орын) ортасында тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM