Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қызылордада қырым қанды безгегін жұқтырған екі адам қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Қызылорда облысында кене шағып, қырым қанды безгегін жұқтырған екі адам ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Жаңақорған ауданының 77 жастағы тұрғыны мен Шиелі ауданының 51 жастағы тұрғыны ауруханаға кеш түскен. Науқастар жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

«Ауру тарағаны анықталған жағдайда 12 сағат ішінде аймақты, мал қораны, малдарды дезинфекциялайды. 14 күн бойы науқаспен қарым-қатынас жасаған адамдар дәрігерлер бақылауында болады. Мамыр, маусым және шілде айларында кенелер адамға қауіпті. Сол себепті біз аудан тұрғындарынан кене шаққан уақытта тез арада дәрігерге қаралуын сұраймыз» дейді Қызылорда облыстық санэпидембақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Оның айтуынша, 2023 жылы аймақта кене шаққан 600-ден астам адам ауруханаға барған. 23 адам қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Сегіз мәрте диагноз расталған.

Қырым қанды безгегі — қатерлі жұқпалы ауру, адамға кене шаққан уақытта жұғады. Мұндай ауруға шалдыққан адамдардың терісі мен ішкі органдары қанталайды, денесі уланады. Науқастарды аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне оқшаулайды.

Қазақстанда қырым қанды безгегі негізінен оңтүстік аймақтарда, соның ішінде Қызылорда облысында жиі тарайды.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM