Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде алты баланың анасы халық салып берген үйді көріп жылап жіберді (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: Керек.info

Ескі қаладағы саяжайлардың бірінде, құрылысы аяқталмаған, едені төселмеген, есік-терезесіз үйде жылусыз, жарықсыз тұрып жатқан Шыныбековтер туралы бұған дейін жазылған. Алты баласын асырау үшін Таразға жұмыс іздеп кеткен ана Ақтөбеге оралғанда өз үйін танымай қалған деп хабарлайды Керек.info.

«Тараздан келгенде өз үйімді танымай қалдым. Есік-терезесіз қаңырап тұрған суық үйдің орнында аппақ жұмыртқадай жып-жылы үй орнапты. Көргенде жылап жібердім. Әсіресе балаларым қуанып жүр екен. Ақтөбе халқына мың алғыс. Қара суықта далада қалдырмай, осындай үй салып бергендерін ешуақытта ұмытпаймын» , — дейді алты баланың анасы Жанар Тәшімбетова.

Фото: Керек.info

Айта кетейік, құрылысы аяқталмаған, едені төселмеген суық үйде тірлік кешіп жатқан алты бала туралы Құрбан айт мерекесі қарсаңында белгілі болған еді. Әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырып, халықтың назарын аудартқан Шыныбековтер отбасына көмектесушілер көп болды. Алты баланың әкесі Бақыт Шыныбековтың айтуынша, тіпті, басқа облыстардан көмек қолын созғандар да болған.

«Халықтың мұншалықты мейірімді екенін білмеппін. Әркім қолында барын тасыды. Қолдарынан келгенше көмек көрсетті. Балаларымның сыз еденде ұйықтап жүргеніне шыдамаған қайырымды жандар бір айлық пәтер жалдап берді. Осы бір ай ішінде құрылысы аяқталмаған, алқам-салқам үйімді адам танымастай етіп қайта қалап берді. Қазір өз үйімізде тұрып жатырмыз. Үйіміз жып-жылы, спонсорлар жаңа жиһаздар мен балаларыма екі қатарлы кереуеттер сыйға тартты. Үйдің іші-сыртын мұздай етіп күрделі жөндеуден өткізген. Көгілдір отын кіргізіп берді», — дейді отағасы.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM