Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан сенаты қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісімді мақұлдады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан парламентінің жоғары палатасы Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтерінің шекараның жекелеген учаскелері туралы келісім-шартты, Кемпірабад су қоймасының су ресурстарын бірлесіп басқару жөніндегі үкіметаралық келісімді мақұлдады.

Өзбек парламентінің 100 сенатордан тұратын жоғары палатасы құжаттарды бірауыздан мақұлдады.

Туризм, шетел инвестициясы, сыртқы экономикалық байланыстар, халықаралық қатынас мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Раушанбек Әлимов баяндама жасап, Кемпірабад су қоймасы Өзбекстан үшін стратегиялық маңызды екенін, ал шекара жөніндегі келісім Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы даулы мәселелере нүкте қоятынын айтты.

Сенат төрайымы Танзила Нарбаеваның мәлімдеуінше, шекара жөніндегі келісім-шарт екі ел арасында жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешеді.

Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасы келісімді 14 қарашада мақұлдаған.

17 қарашада Қырғызстан Жогорку Кенеші қырғыз-өзбек шекарасына қатысты келісім-шартты ратификациялау жөніндегі заң жобасын үш оқылымда бірден қабылдаған. Құжатты 64 депутат қолдаса, 19 депутат қарсы дауыс берді. Сонымен бірге депутаттар Кемпірабад су қоймасының су ресурстарын Өзбекстанмен бірлесіп басқару жөніндегі келісімді де үш оқылымда қолдады.

Қырғызстанда Кемпірабад су қоймасын беруге қарсы шыққан саясаткерлер мен белсенділер «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды» деген күдікпен ұсталған. Елде осындай айыппен барлығы 26 адам қамалған. Саясаткерлер мен белсенділер қудалауға ұшырағанын Кемпірабад су қоймасын қорғау жөнінде комитет құрғанымен байланыстырып отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM