KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда сыртқы миграция мәселелері жөніндегі агенттік басшылығы мен қызметкерлері 20 млн доллар пара алған деген күдікпен ұсталған соң, мекеме жұмысы тұралап қалды. Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғысы келген 3 мың өзбекстандықтың жоспары іске аспай қалуы мүмкін.

Өзбекстанның миграция агенттігі 20 млн доллар пара алған деген күдікке ілінді

Еңбек министрлігі шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, 27 қарашада агенттіктің тағы бірнеше қызметкері ұсталған.

3 мың өзбекстандықтың жыл аяғына дейін Оңтүстік Кореяға бару-бармауы белгісіз болып тұр.

«Кеше кешкі сағат бестер шамасында агенттіктің бес бөлімшесінің басшыларын прокуратураға алып кетті», — деді министрлік өкілі.

«Бүгін Азаматтарды шетелге бейімдеу орталығының тағы бір қызметкерін ұстады», — деді ташкенттік шенеунік.

Үкіметке жақын үшінші бір дереккөздің айтуынша, ұсталғандардан пара ретінде алған миллиондарды мемлекетке қайтаруды талап еткен. Күдіктілердің кейбіреуі үйлерін сатып жатыр, деп хабарлады дереккөз.

Өзбекстан мен Оңстүстік Корея үкіметтері арасында келісімге сәйкес, үш кезеңнен тұратын сынақтан өткен 5000 өзбекстандық жыл аяғына дейін жұмысқа кетуі керек.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя