Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

20 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

KAZAKBOL.COM

Бүгін зодиак белгілері үйреншікті істердің өзіне көбірек көңіл бөлуге тиіс. Істерді ертеңге қалдырмай бірден аяқтаған абзал. supercook сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 20 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

1. Тоқты

Энергия жағынан күшті күн. Кез келген істі орындауда мұқияттылық пен сақтық танытқан жөн. Бүгін коммерциялық операциялар мен шығындарға зер салыңыз. Қымбат зат сатып алмаңыз, уәде бермеңіз. Бір нәрсеңізді ұрлатып немесе жоғалтуыңыз мүмкін. Жақындарыңызбен байланысты қуанышты хабарлар, тосынсыйлар алуыңыз мүмкін.

2. Торпақ

Бүгін ғашықтық мәселелерінде сізді жетістіктер күтіп тұр. Бірақ жеңілтектікке салынып, бос уәде берудің қажеті жоқ. Кейін зардабын тартуыңыз мүмкін. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Жүйке жүйеңіз тозып, ішіңіз ауруы мүмкін. Мешкейлікке салынбаңыз.

3. Егіздер

Үй шаруасымен айналысып, бұрыннан жиналып қалған істерді реттеуге тура келеді. Бірақ мұның жақсы жағы да бар, себебі үйден шықсаңыз суық тиіп қалуы мүмкін. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Жүйке жүйеңіз бен ішіңіз ауруы мүмкін. Мешкейлікке салынбаңыз, шарап ішпеңіз.

4. Шаян

Бүгін сізде ақша тапшылығы болуы мүмкін. Ойда жоқта шыққан шығындар отбасылық бюджетті азайтуы ықтимал. Күйзелістің жеңіл түрі басталуы мүмкін, бірақ ол қазір сізге қажет емес. Істеріңізді талдап, терең ойға кетпеңіз, себебі бұдан ештеңе өзгермейді.

5. Арыстан

Кәсіпті өзгертіп, шығармашылық және отбасылық қарым-қатынасты нығайту үшін тамаша уақыт. Өмірлік әлеуетіңіз артып, түйсігіңіз күшейіп, көріпкелдік қасиетіңіз пайда болады. Мұның бәрі басқа адамдармен тіл табысуыңызға көмектеседі. Дегенмен түбегейлі шешімдер қабылдап, нар тәуекелге барудың қажеті жоқ. Жағдай кез келген сәтте өзгеріп кетуі мүмкін.

6. Бикеш

Сапарлар мен кездесулер үшін қолайлы уақыт. Солардың арқасында бикештер қаржылық жағдайын жақсартулары мүмкін. Сүйкімділігіңіз бен сексуалды әлеуетіңіз артады. Айналадағыларға бар мейірімділігіңізді сыйлаңыз. Адалдық, әділдік, естиярлық, мақсатқа талпынушылық сияқты қасиеттер сіздің беделіңізді отбасында да, жұмыста да нығайтуға көмектеседі.

7. Таразы

Жанжалдар мен келеңсіздіктерге толы күн. Сізді қиялшыл деп атаулары мүмкін, бірақ қажет болған сәтте кеңес сұрап сізге келеді. Басқалар бос сөз сөйлеп жатқанда, сіз шаруаларды жүзеге асырып жатасыз. Сіздің ішіңізде не болып жатқанын көп адам біле бермейді, сіз тым тұйықсыз. Жақын адамыңызбен қиындықтарыңызбен бөлісіңіз.

8. Сарышаян

Күшіңіз едәуір артатын қолайлы күн. Бүгін қандай істі қолға алсаңыз да, оны сәтті аяқтайсыз. Сіздің тапқырлығыңыз бен қиындықтардан қорықпайтын өжеттілігіңіздің арқасында ең қиын деген мәселелер шешіледі.Түйсігіңізді тыңдаңыз. Жақын туыстарыңыз көмек сұрауы мүмкін, өтініштерін назарсыз қалдырмаңыз.

9. Мерген

Үй шаруалары уақытыңыздың басым бөлігін алуы мүмкін.Ол дұрыс та шығар, себебі сыртқа шықсаңыз, суық тиіп қалуы мүмкін.Жеке өміріңізде ұстанымдарыңызды, еркіндігіңізді жоғалтпауға деген талпынысыңыз жұбыңыз екеуіңіздің араларыңызда қиындықтар туғызады. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Мергеннің әділдігі мен туралығы өзіне кері әсерін тигізеді.

10. Тауешкі

Бүгін істеріңіз алға баспайды, жеке өміріңізде де үйлесімділік орнамайды. Көңіл-күйіңіз құбылып, ашушаң болуыңыз мүмкін. Жүйке жүйеңізге түскен қысым салдарынан кейбір аурулар асқынуы мүмкін. Айналадағылармен қарым-қатынас жасағанда жанжалға араласпай, көңіліңізді басқа нәрсеге бұруға тырысыңыз.

11. Суқұйғыш

Ауыр және қауіпті күн. Өз күшіңізге сенімсіздік танытып, алданып, улануыңыз мүмкін. Бүгінгі күннің теріс әсерін рухани және өнегелік тазару арқылы жоюға болады. Бүгін бал ашпаңыз, бұл қауіпті және теріс күштерді шақыруы мүмкін. Көп ешкіммен тілдеспей, маңызды шешімдер қабылдамаңыз.

12. Балықтар

Бүгінгі күнді өзіңізді дамытуға, рухани дамуға, жаңаруға арнаңыз. Маңызды шешімдер қабылдамаңыз. Күннің бірінші жартысында үй шаруасымен айналыспаңыз. Серуендер, кішігірім саяхаттар пайдалы болады. Ұстамдылық пен парасаттылық танытыңыз. Бар махаббатыңызды отбасыңыз бен балаларыңызға арнаңыз.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM