Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

2022 жылы Ресейден мигранттар жаппай кете бастаған

KAZAKBOL.COM

2022 жылдың сегіз айында Армения, Қырғызстан және Өзбекстан мигранттарының Ресейден кету қарқыны қатты күшейген. Росстат мәліметтерін сараптаған «Можем объяснить» телеграм-арнасы осындай қорытынды шығарған. Бұл жөнінде «Настоящее время» жазды.

Ресми мәліметке қарағанда, 2022 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Ресейге 444 мың мигрант келіп, 506 мыңнан аса мигрант кетіп қалған. Айырма осылайша 62,5 мың адамға жеткен. Сарапшылар мұндай жағдай коронавирус індеті кезінде де болған емес деп санайды. 2021 және 2020 жылдары Ресейден кеткендерден келгендер көп болған.

Ресей Украинаға басып кіргенге дейін украин азаматтары да Ресейден табыс іздеп жиі келген. 2021 жылдың 8 айында Украина мигранттары Тәжікстаннан кейін екінші орында тұрған.

Қазір өзге мигранттар секілді украиндар да Ресейден қашып жатыр деп санайды сарапшылар. 8 айда Ресейден кеткен мигранттар жөнінен Армения (минус 15,7 мың) алғашқы орында, одан кейін Қырғызстан (минус 14 мың), Өзбекстан (минус 13,7 мың) тұр. Тек Тәжікстан мигранттарының ғана кеткенінен келгені көп (бірақ бәрібір бір жыл бұрынғыдан аз – плюс 41,7 мың адам).

Украинадағы соғыс пен Батыстың санкциясына байланысты Ресейдегі экономикалық ахуалдан соң Тәжікстан еңбек мигранттары өзге елдерге кете бастаған. Көптеген тәжіктер Қазақстанға барғанды жөн көреді. Олардың сөзінше, Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда азырақ ақша табуы мүмкін, бірақ Қазақстанда өздерін әлдеқайда қауіпсіз сезінеді. Қазақстанға келетін тәжік мигранттарының нақты саны белгісіз.

Тәжікстанның еңбек министрлігі 2022 жылдың шілдесінде шамамен 10,5 мың тәжік Қазақстанда жұмыс істеп жүргені туралы хабарлаған. Диаспора өкілдері мұнан әлдеқайда көп деп санайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM