Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

7 жасар қыз сериалдағы көріністі қайталаймын деп тірідей өртеніп кетті

KAZAKBOL.COM

Ол сүйікті кейіпкерінің жалын ортасында билеген биін орындамақ болған.

Үндістанның оңтүстік-батысында тұратын 7 жасар Праттана телехикаядағы көріністі қайталаймын деп тірідей өртеніп кетті. Жантүршігерлік оқиға орын алған сәтте ересектер үйде болмаған. Бұл туралы шетелдік Mirror басылымына сілтеме жасап  Stan.kz  хабарлайды.

Жеткіншек “Нандини” телехикаясындағы би көрінісін қайталаймын деп үйде от жаққан. Ол сүйікті кейіпкерінің жалын ортасында билеген биін орындамақ болған.

Праттана өртеніп жатқан сәтте оның кішкентай сіңлісі көршілерден көмек сұрап барған. Олар өртті ауыздықтап, жедел жәрдем шақыртыпты. Алайда кешігіп қалған. Бүлдіршін бір күннен кейін денесіндегі жарақат салдарынан көз жұмған-ды.

Үндістан полициясы ата-анасының кінәсін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде. Кінә дәлелденген жағдайда, баласына салғырт қараған ата-ана жазалануы мүмкін.

Айта кетейік, “Нандини” – Үндістандағы ең қымбат телехикаялардың бірі саналады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM