Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Сирияда соғыс жоқ» деген Ресей сириялықтарға баспана бермеді

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Жоғарғы соты Сирияның ондаған азаматының уақытша баспана беруден бас тартуына шағымдарын қарамай қойды.

Сот Сирияда әскери қимылдар жоқ, тек «террорға қарсы операцияның белгілері ғана бар» деп шешкен. Сол себепті шағымданушылар қуғынға ұшырамайды. Соттың мұндай шешімін «Коммерсант» басылымы хабарлады.

Жоғарғы соттың анықтамасында «Сириядағы елді-мекендердің басым бөлігі оқ атпау жүйесіне қосылған, республикада гуманитарлық акциялар жүріп жатыр, медициналық көмек көрсетіледі, Сириямен әуе қатынасы бар» делінген.

Бұған дейін босқындар орналасқан Иванов қаласының Октябрь аудандық соты барлық шағымданушыларға уақытша баспана беруден бас тартқан.

2017 жылы қаңтарда елде 1317 Сирия азаматы уақытша баспана алған, ал жазға таман олардың саны 1301-ге төмендеген, деп хабарлады «Азаматтық көмек» комитеті.

БҰҰ мәліметі бойынша, Сирияның 6,3 млн тұрғыны көшуге мәжбүр болды, шамамен төрт миллион сириялық көрші елдерді паналады. Шалғайдағы немесе қоршаудағы аудандарда орналасқан 4,53 миллион адам гуманитарлық көмекке зәру. Ресей Сириядағы әскери операцияға ресми түрде 2015 жылдан бастап қатысып келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM