Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің қызметкерлері аяздан қатып қалған автобустағы 53 жолаушыны құтқарды.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, автобустағылардың дені – Өзбекстан азаматтары. Нақты қанша адам екені хабарланбады.
25 желтоқсанда түнде «Петропавл-Сарышаған» жолында келе жатқан жолаушы автобусы Бурабай ауданында тұрып қалған. Аяздан жаураған жолаушылар көмек шақыртқан. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оларды Кенесары ауылындағы мектепке орналастырды.
Ресми мәлімет бойынша, адам шығыны жоқ. Жолаушыларға тамақ, төсек берілді.
2018 жылы Қазақстан жолдарында жүздеген өзбек жолаушысы құтқарылды.
KAZAKBOL.COM