Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ соты Пол Манафортты жеті жарым жылға соттады

KAZAKBOL.COM

Вашингтондағы сот президент Дональд Трамп сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортты үш жарым жылға соттады. Өткен аптада Вирджиния соты оны төрт жылға түрмеге кескен еді.

Вашингтондағы сот Манафортты АҚШ-қа қарсы сөз байласты және Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің мүддесін қорғау арқылы заң бұзды деп таныды. Бұған қоса оған арнайы прокурор Мюллерге жалған куәлік етті, Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігуіне қатысты істегі куәгерлерді қорқытты деген айыптар тағылды. Сот процесі кезінде Манафорт соттан жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрап, рақымшылық жасауын өтінген.

Өткен аптада Вирджиния соты Манафортты оның Украинада саяси кеңесші болып істеген кезінде жасаған қаржы және салық қылмыстары үшін шамамен төрт жылға соттаған еді.

Оның заңсыз кірістері арнайы прокурор Роберт Мюллер тергеуі кезінде ашылған. Манафорт кінәсін мойындады. АҚШ-та президент Дональд Трамп бұрынғы кеңесшісіне рақымшылық беруі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Ақ үйдің мәлімдеуінше, президент «дайын болған уақытта, бұл мәселеге қатысты шешім қабылдайды».

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM