Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ-тың Ресейге қарсы Скрипаль ісі бойынша санкциясы күшіне енді

KAZAKBOL.COM

Британияның Солсбери қаласында бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улауына байланысты АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті санкциясы күшіне енді. 27 тамызда айыппұл шаралары АҚШ үкіметінің ресми журналында жарияланды.

Санкция шұғыл гуманитарлық көмектен басқа Ресейге сыртқы көмекке тыйым салынады. Ресейге кез келген несие мен несие кепілдіктерін беруге, ауыл шаруалышығы өнімдерін жеткізуге тыйым салынады.

Мұнан бөлек, санкцияға сәйкес қару-жарақ және кез келген қорғаныс тауарын сатуға тыйым салынады. Бірақ «ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін» ғарыштық салада қарым-қатынасқа шектеу қойылмайды.

Егер Мәскеу жақын арада химиялық және биологиялық қару қолданбауға кепілдік бермесе, АҚШ тағы да қосымша санкциялар салмақ. Атап айтқанда, «Аэрофлот» әуе компаниясына АҚШ-қа ұшуға тыйым салады.

Вашингтонның кезекті санкциясы қарсаңында рубль тағы да құнсызданды.

Лондон Скрипальге қастандықтың артында Кремль тұр деп мәлімдеді. «Новичок» химиялық дәрісі СССР тұсында жасалынған. Мәскеу болса, барлық айыптарды жоққа шығарады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM