Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде әкім 20 жастағы жігітті қағып өлтірді

KAZAKBOL.COM

26 ақпан күні Ақтөбе облысына қарасты «Сарыкөл-Кеңқияқ» ауылының арасында жол апаты тіркелді.

Жол апатын ауыл әкімнің өзі жасап, 20 жастағы жігіттің өмірін қыршынынан қиып, бір адамды ауруханаға түсірген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жолда тоқтап қалған көлікті итеріп жатқан екі жігітті артынан қатты жылдамдықпен келген көлік түйген. Екі аяғы сынған 1995 жылы туылған жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі Кеңқияқ ауылдық ауруханасында ем алып жатыр. Екеуі де 20 жастағы жігіттер.

Оқиға орнында қайтыс болған Әділхан есімді жігіт Астанада білім алып жатқан студент.

«Жедел жәрдем қызметіне 8:15 те қоңырау түскен. Ауруханаға өлген адамды әкелді, зардап шегушінің біреуі оқиға орнында қайтыс болған.  Оны жедел-жәрдем қызметкерлері тамыр соғысының жоқ екендігінен анықтаған. Біз оны тек моргке салдық. Ал екінші зардап шегушінің жағдайы бірқалыпты, қазір ем алып жатыр», — дейді Кеңқияқ ауылдық ауруханасының бас дәрігері Ғабиден  Қалдығалиұлы.

Ауыл тұрғындары жол апатын жасаған ауыл әкімі екенін айтады. Дегенмен оқиғаға қатысты ІІД әкім шын мәнісінде мас болмағанын медициналық сараптаманың анықтағанын алға тартты.

Кеңқияқ ауылының әкімі Нұрлыбек Қалмағанбетов өзінің жеке көлігімен ауылға қыдырып келген студентті таптап кеткен.

Ауылға жақында ғана тағайындалған әкім Нұрлыбек Қалмағанбетов осыған дейін қоғамдық ұйымдардан ит ату үшін елу мың теңгеден ақша жинағаны үшін күлкіге қалған болатын.

 

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM