Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбелік емші адам бойындағы жынды домбырамен шығарады

KAZAKBOL.COM

Файзылбек Аймырзаев пен Ұлдәмет Алпысбаева үйлерінде екеулеп ем жүргізеді.

Шымкент қаласының тумасы саналатын отбасы аянмен Ақтөбеге көшіп келгендерін NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісіне әңгімелеп берді.

«1995 жылдары Алланың нұсқауымен көп ел араладым. 1996 Ақтөбеге көшіп келдік. Басқа дінге түсіп кеткен Жұмабек деген баланы ата-анасы алып келді. Соған көп ем жүргізіп, осы жақта қалып қойдық. Сол кезде осындай адамдар Ақтөбеде көбейіп кетті. Кейін осы қалада қалуға шештік. Әр пенде өзі үшін жұмыс жасайды. Имандылықты ұмытпау керек», — дейді Файзылбек Аймырзаев.

Ерлі-зайыптылар емді құран аяттарымен жүргізеді. Емшілікпен айналысатын отбасы рухани ауруға шалдыққандардың маусым ауысқан кезде көбейіп кететінін айтады.

«Барлық жасап жатқан ісіміз — Алланың құдіреті, бірақ аруақты да ұмытпауымыз керек. Алла маған алдымен намаз оқуды бұйырды. Одан кейін дем салып емдеу жолын нұсқады. Құран аяттарымен емдеймін. Рухани ауруға шалдыққан адамдар көп. Адамдар көктем кезінде көтеріліп, көп ауырады», — дейді емші.

Емшінің айтуынша, отбасының шырқы бұзылған, басында дуасы бар адамдар көп көмек сұрап келеді екен. Ол жамандықтан аулақ болу үшін бойды таза ұстау керектігін айтады.

«Көз тиіп, сиқырдан, дуадан қиналып, көмек сұрап келушілердің есебі жоқ. Бәрі қиналып келеді. Жүз пайыз ештеңеге уәде бере алмаймыз. Алла Тағала себеп болғанға, себеп боламыз. Ауру адамға түрлі жағдаймен келеді. Көбісі «тіл, көзбен келді» деп жатады. Ауру таза болмағаннан да болады. Жүріп тұрғанда адам денесін таза ұстауы керек. Отбасылық проблемалар да көп, оларға да ақылымызды айтып, дұғалар оқимыз. Жынның өзінің екі дәрежесі болады: мұсылман жын, кәпір жын. Кәпір перісі тиген адамды жазу қиын. Мұсылман жынның кейде адам баласына пайдасы да тиіп жатады. Олар айтқанға түсінеді», — дейді Файзылбек Аймырзаев.

Оның әйелі Ұлдәмет Алпысбаева домбыра тартып, Аллаға мадақ айтып емдейді.

«Бойына жын кірген, дуаланған адамдарды екі  сағатқа дейін емдейміз. Жын шығару кезінде құран аяттары айтылады. Домбырамен ұзақ уақыт Аллаға мадақ айтамын. Аяттарды оқимын. Емге келген адамның бойындағы жындармен күресеміз», — дейді әйелі.

Адамдарды емдеп болғаннан кейін өздері ауырып қалатынын айтқан ерлі-зайыптылар бірін бірі емдейтінін айтады.

«Адамдарды емдеу кезінде барлық жаман энергия өзімізге кетеді. Бойымызда көз болған кезде біз де ауырып қаламыз, бір бірімізді емдейміз. Кейде күшіміз жетпей жатады. Сол кезде әулие аруақтардың басына барып, тазарамыз. Жындар қатты болған кезде көтеріліп кетуге дейін барамын. Ұйықтай алмай қаламыз. Аян береді сол бойынша, сол әулиенің басына кетеміз. Көбіне Есет ата, Бекет атаға барамыз. Қатты ауырып жатқандарға өзіміз барамыз, кейде өздері алып кетеді. Биыл қақаған қыста Түркияға шақыртып, сол жақта ем жүргізіп қайттық. Біздің өзімізде ерік жоқ, аруақтың айтқанымен жүреміз», — дейді Ұлдәмет Алпысбаева.



KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM