Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақ үй: Трамп Путинмен Аргентинада келіссөз жүргізеді

KAZAKBOL.COM

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы жұма және сенбіде Аргентинада өтетін G 20 (үлкен жиырмалық) саммитінде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесетінін растады.

Сейсенбі күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон хабарлағандай, Трамп пен Путин биыл шілде айында Хельсинкиде кездескенде бастаған келіссөздерін жалғастырады. Болтонның сөзінше, Трамп Ресей президентімен «қауіпсіздік, аймақтық және қаруға бақылау жасау мәселелерін талқыламақ». Нақтырақ айтқанда Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды.

Трамп Ресейдің Керчь бұғазында Украинаның кемелерін басып алғаны жөнінде көтереді ме деген сұраққа, Болтон Ақ үйдің ұстанымын дүйсенбі күні БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Никки Хейли жеткізді деді. Ол Ресейдің әрекетін сынға алған болатын.

Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс, Трамп Путиннен басқа Германия канцлері Ангела Меркельмен, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Әлемнің экономикалық жағынан дамыған жиыр елдің үлкен саммиті 30 қараша — 1 желтоқсан аралығында Аргентинада өтеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM