Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Адвокат: Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстандық танымал спортшы, тонау үстінде қаза тапқан Денис Теннің анасының адвокаты қылмыс тапсырыспен болуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Нұрлан Өстеміров алдын ала тыңдау кезінде мәлімдеп, істі прокурорға қайта тергеуге жіберуді талап етті.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот процесі ашық, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде өтеді. Айыптаушылар – Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Олардың жастары 25-ге жетпейді. Тыңдау кезінде жәбірленуші (Денистің анасы) және айыпталушы талап соттан журналистерге түсіруге тыйым салуды сұрады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды.

Сонымен бірге сот бірнеше өтінішті қарады. Денис Теннің анасы – Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Өстеміров істі прокурорға қайта тергеуге жіберуді талап етті. Адвокат өлімге тапсырыс беруі мүмкін деп есептейді. Олай болса, іске қатысты барлық күдіктілер сотта отырған жоқ дейді.

«Істегі айғақтарда қарама-қайшылық бар. Оның жалпы жиынтығы шамамен 14. Бұл — қылмыс тапсырыспен болғанын көрсетеді. Сондықтан істі жан-жақты зерттеп, өзге де күдіктілерді тарту керек. Олардың азғырушы, ұйымдастырушы екенін көруге болады», – деп мәлімдеді Өстеміров.

Ішінде жеті айлық нәрестесі бар Жанар Толыбаеваның адвокаты сот қорғауындағы азаматты ақтап шығады деп есептейді. Оның сөзінше, тонау туралы ештеңе білмеген. Сондықтан да оған «қылмыс жайында хабар бермеді» деген айып таққан.

Істі жүргізіп жатқан судья Кеңшілік Абдельдинов істі қайта қарауға жіберуден бас тартып, сот отырысын 2019 жылдың 3 қаңтарына белгіледі.

25 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы Азия ойындарының чемпионы Денис Тен 19 шілдеде Алматыда пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Алдын-ала дерек бойынша, ол көлігінің айнасын ұрлаған адамдарды тоқтатпақ болған кезде жараланған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM