Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында қытай және жергілікті жұмысшылар төбелескені хабарланды

KAZAKBOL.COM

7 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданында жол салып жатқан Қытай мен Қазақстан жұмысшылары арасында жанжал болды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жанжал алдымен Қытайдың төрт жұмысшысы арасында басталып, кейін төбелеске ұласқан. Барлығы – «Citic Construction» компаниясының жұмысшысы. Төбелестен Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар Қытай азаматы, этникалық қазақ жарақаттанған.

Департаменттің мәліметінше, «келесі күні жергілікті тұрғындар мен «Citic Construction» компаниясында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары «істің байыбына бармай Қытайдан келген жұмысшыларды ұрып-соққан».

Төбелестен Қытайдың төрт азаматы жараланып, ауруханаға түскені хабарланды. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу басталғанын, күдіктілер ұсталғанын айтты.

Бұдан бөлек, тексеріс кезінде «Citic Construction» компаниясында шетелдің 33 жұмысшысы заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталған. Полиция қазір оларды Қазақстаннан депортациялаумен айналысып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін де Қазақстанда жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жанжал болған. Маусымның соңында Атырау облысы Теңіз кенішінде жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы төбелестен, ресми дерек бойынша, 40 адам зардап шеккен. Жергілікті билік «төбелеске араб елдерінен келген жұмысшы мен қазақ қызының бірге түскен суреті себеп болғанын» айтқан. Ливан мен Иордания басылымдары төбелестен соң жүздеген азаматтың Қазақстаннан қайтқанын жазған.

12 тамызда Қарағанды облысы Жәйрем тау-кен комбинатында жергілікті тұрғындар мен шетелдік жұмыстар төбелесіп, «бірнеше адам жеңіл жараланған». Полиция бұл төбелесті «тұрмыстық жанжал» деген. Жергілікті тұрғындар мен куәгерлер Азаттық тілшісіне төбелес интернетте тараған қыздың жалаңаш суреті себеп болғанын айтқан. Тұрғындардың сөзінше, суретті шетелдік жұмысшылардың бірі таратуы мүмкін. Кейбір тұрғындардың айтуынша, жергілікті тұрғындар комбинатта шетелдік жұмысшылардың жұмыс істегеніне қарсы шыққан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM