Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда полиция құрсауында тұрған белсенділерді босатты. «Кеттлинг» 10,5 сағатқа созылды (видео)

KAZAKBOL.COM

28 ақпан күні 22:30 шамасында Алматыда Балуан Шолақ спорт сарайының алдында полиция құрсауында тұрған «Қазақстанның демократиялық партиясын» құру жөніндегі бастамашыл топтың жақтастары босатылды. Олар полицияның «кеттлинг» дейтін құрсауына күндізгі 12:00 шамасында алынған.

Белсенділер құрсаудан босап шыққан соң тарап кетпей, полиция қызметкерлері «кеттлинг» ішінен ұстап әкеткен Абзал Достияровты әкелуді талап етті. Талабы орындалмаған соң, белсенділер Бостандық ауданының полиция бөліміне жол тартты.

Полиция құрсауында тұрған Абзал Достияровты полиция 20:30 шамасында күшпен ұстап әкетті. Белсендінің не себепті ұсталғаны белгісіз, бірақ ұсталардың алдында ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы сыни пікірлерді жиі айтқан.

«Қазақстанның демократиялық партиясын» құру жөніндегі бастамашыл топ алдын ала жариялағандай, сағат 12:00 уақытында Ахмет Байтұрсынұлы және Абай көшелерінің қиылысындағы Балуан Шолақ спорт кешенінің алдында жиналып, Абай көшесімен Республика сарайына дейін шерулетпек болған. Полиция оларды жиналған сәттен қоршауға алып, көшеде өтіп жатқан көліктегі адамдарға көрінбес үшін құрсаудың сыртына оншақты автобус қойған.

Басында полиция құрсауында 40-50 адам болған. Кейін түрлі себеппен қоршау ішіндегі наразылар саны азайған. Кейбірін полиция «сөйлесуге» әкеткен, кейбірі денсаулық жағдайымен шыққан, кейбірін жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Құрсау алынған сәтте 24 адам қалған.

Қоршауда тұрғандардың ең жасы – 19 жастағы бойжеткен. Белсенділер арасында 70 жастағы екі қарт кісі болған.

Олардың бірі Азаттық тілшісіне «Ақсақалын сыйламайтын қоғамнан қорқу керек. Бұлар не істесе де, біз соңына дейін шыдаймыз, болашақ ұрпағымыз үшін қайтпаймыз» деді.

Құрсауда болғандар қатарында «Демпартия» бастамашы тобының жетекшісі Жанболат Мамай, азаматтық белсенділер Даная Қалиева мен Айгерім Тілеужанова болды.

– Өткенде 10 сағатқа жуық тұрсақ (10 қаңтар күнгі наразылық акциясында да «Демпартия» жақтастары осылай қоршауға алынған), бүгін 11 сағатқа жуық тұрдық. Тура сол «кеттлинг», тура сол азаптау. Ешқандай айырмашылық жоқ. Биліктің «Қазақстанда бейбіт жиын өткізуге мүмкіндік бар» деген сөзінің бос сөз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, – бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM