Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда порностудия әшкере болды

KAZAKBOL.COM

Алматының Медеу ауданындағы жалға берілген пәтерлердің бірінде порностудия жұмыс істеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Қылмыс орнында виртуал интим қызметін ұсынған қыздар және Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталғаны айтылады. Ол қыздарға техникалық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген.

«Мұндай студияда жұмыс техникалық қамсыздандырудан бастап үш ауысыммен жұмыс істейтін қыздарға дейін бір жүйеге келтірілген. Бір ерекшелігі, олар қызметін виртуал ұсынған. Қыздар веб-камера арқылы өз жалаңаш тәнін ақшаға көрсеткен, олар АҚШ пен Еуропа сайттарының қолданушыларына қызмет көрсеткен. Клиенттер мұндай қызметтің аққысын басқа елде орналасқан сервер арқылы онлайн түрде төлеп отырған», — дейді Полиция департаментінің басшысының орынбасары Данияр Меңдібаев.

Полицияның мәліметінше, «веб-модельдерді» жұмысқа іріктеу жарнама арқылы жүргізілген. Алайда әдетте уәде етілген мыңдаған долларды ешкім де алмаған.

«Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардан процестік тәртіпте жауап алынады, қылмыстық заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады», — дейді полиция өкілдері.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM