Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда үстіне мұз құлаған әйел қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Алматыда көп қабатты үйдің шатырынан үстіне мұз сүңгісі құлаған әйел қайтыс болды. Бостандық аудандық әкімдігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға сейсенбі күні түс кезінде Марков көшесінің бойындағы тоғыз қабатты №75 үйде болған.

1958 жылы туған әйел жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті. Полиция кісі өлімін «жазатайым оқиға» деп санап отыр.

Әкімдік хабарламасында «мұндай қайғылы жағдайларды болдырмау үшін пәтер иелері кооперативтері ауланы уақытында қар мен мұздан тазалап, шатырдағы мұз сүңгілерін түсіріп тұратыны айтылады». Әкімдік қайғылы оқиға болған үйдің шатырынан мұзды түсіру үшін арнайы техника қажет болған дейді.

Марков көшесіндегі №75 көпқабатты тұрғын үй кешені 2013 жылы пайдалануға берілген және оған басқарушы компания қызмет көрсетеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM