Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда жоғалған журналистің денесі табылды


Алматыда жергілікті телеарна журналисі Айгерім Мұсаева өлі күйде табылды. Жергілікті агенттіктердің Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 27 жастағы Айгерім Мұсаева «тепловоз қағып қайтыс болған».

Полицияның хабарлауынша, Мұсаеваның денесі 20 қазанға қараған түні Түрксіб ауданындағы Боралдай көшесінің бойымен өтетін қосалқы теміржолдан табылған. Департамент Мұсаеваның «тепловоз астына түсіп қаза тапқанын» ғана айтып, егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті 19 қазан күні кешке қала тұрғыны арызданып, сол күні күндіз жұбайы — 1991 жылы туған Айгерім Мұсаеваның отбасында болған кикілжіңнен соң белгісіз бағытқа кетіп қалып, сол бойы оралмағанын мәлімдеді деп хабарлады.

Қазір көліктегі полиция қызметкерлері бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM