Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қара жамылған Ақтөбенің бүгінгі жайы (фото)

KAZAKBOL.COM

Ақтөбеліктер отыз адамның үлкен шабуыл жасағанына сенбейді. Халықта «қауіп алда болуы мүмкін» деген қорқыныш бар. Ірі лаңкестік оқиғалардан кейін қала тұрғындарымен тілдескен NUR.KZ тілшісі олардың қорқыныш-үрейі туралы біліп қайтты.

Ел қабырғасын қайыстырған 2016 теракт оқиғасы халықты есеңгіретіп тастады. «Қауіп қайдан келді, не үшін жасалды?» деген сұрақтар түрлі болжамдар жасап жатыр. Бірі «Халифат мемлекетін армандаушылардың әрекеті» десе, екінші ой «Нүктесі қойылмаған 2011 оқиғасының жалғасы, кек алу» дейді.

«Экстремизммен сотталып кеткендерді құтқару үшін жасалынған әрекеттер екен» деген ойлар да бар.

Қалай десек те, бейбіт жатқан елде теракт оқиғасы болды. Бірден әскери бөлімге шабуыл жасалынды. Ұлттық ұлан сарбаздарын санаулы адам бір сәтте тас-талқан етті. Он минутта ел қорғаймын деп отырған сарбаздардың астан-кестеңін шығарды. Әскери бөлімшенің кез- келгенге ашыла бермейтін бас қақпасын қақ жарып кіргендер артынан шыққан. Көше асып, артындағы саяжайларда бой тасалаған оларды көмекші күш таба алмай қалды.

Қару жарақ дүкендерінде болған жаңдай да осыны қайталады. Күзет қызметкерлері оққа ұшып, бейбіт халық зардап шекті. Лаңкестер полиция қызметкерлерінің көлігін айдап кетті.

Бұл тағы да құқық қорғау қызметкерлерінің қамсыз әрекетін, төтеннен жасалатын шабуылға дайын емес екенін көрсетті.

Халық зиялылары сабырға шақырып жатыр. Билікке қырылып жатқандар қаракөз бауырларымыз екенін ескертуде. Саясаткер Амангелді Айталы билікке «жеңдік» деп айтудың ерте, тек саябырсу екенін ескертті. Болған жайды ой елегінен өткізіп, оны шешудің жолын іздеу керектігін айтты.

Ақтөбе халқының үреймен отырғанына бес күн болды. Көшеде халық қарасы да аз. «Қай жағымнан келіп атып кетеді» дегендер есігі мен терезесін қымтап, үйлерінде тығылып отыр. «Ана жер, мына жерде атыс болып жатыр» деген әңгіме көп. Жергілікті құқық қорғау қызметкерлері нақты ақпарат беруден бас тартып отыр. Ал имамдар түсіндіру жұмыстарын жасаудың орнына журналистерден қашып әлек.

Жастарда үрей жоқ. Кино қарап жүргендей. «Атыс болып жатыр» деген жаққа тұра жүгіріп, қызық қарап жүр.

Ақтөбедегі барлық нысандар бақылауда тұр. Ауруханалардың айналасы толған қарулы күзет. Шабуыл жасалынған әскери бөлімшеге барар жол үлкен автобустармен жабылған. Қалаға кіретін, шығатын жолдардың барлығына үлкен машиналар қойылып, полиция қызметкерлері қапшықтармен қорғанып тұр.

Ел қаза болғандарды еске алып жатыр. Балаларының теракт жасағанын естіген лаңкестердің отбасылары да қан жылап кешірім сұрайды. Олардың арасында жағдайы кетіп тұрған жатақханаларды паналап жүргендерінің бар екенін көрдік.

Күдікті Әрсен Таңаторовтың үйі

Халық биліктен қара жамылған қыздарды көшеде жүргізбеуін сұрайды. Ақтөбеде діни ахуалдың жақсы емес екендігі жиі айтылады. Қаланың бас ұстазы 70 мектепте 130 оқушының орамал тағып баратынын айтты. Облыстың бас дәрігері 2 132 бала екпе жасатпағандардың тізімінде тұр. Олардың 1 247-і мүлде екпе алмағанын ескертті.

«Өткен жылы басқа ағымда жүрген 800-ден аса жамағатпен жеке кездесу өткіздік, олардың 286-сы көзқарасын өзретті. Шетелге жастардың кетуі үлкен мәселе болып тұр. Сирия мәселесінен бөлек, шетелге теологиялық білім алу үшін шыққысы келетіндер бар», — деп дін істер басқармасының басшысы Бауыржан Есмаханның өзі айтқан еді.

Ақтөбеде басқа ағымда жүрген 2000-нан аса адамның бар екені БАҚ бетінде жарияланды.

«2011 жылды естен шығармау керек» деп шенеуніктер жиі еске алатын Шұбарши оқиғасын да ешкім ұмытқан жоқ.

Сол жылы 17 мамыр күні ҰҚК ғимаратында жарылыс болып, ғимаратқа келген жанкешті есік алдында өзін жарып жіберген еді. Ал Шұбарши оқиғасы 30 маусымнан 1 шілдеге қараған түні басталды.

Қара жамылған халық ертеңгі күнге қорқынышпен қарайды.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM