Қазақстан астанасы – Астана қаласындағы көшелердің біріне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді.
16 тамызда өткен жаңа көшені ашу салтанатына Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедқали Абылғазиев қатысты.
Жаңа көшеге Айтматовтың есімін беру — жазушының 90 жылдығына арналған мерейтойы қарсаңында өтті.
Бұл күндері Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға арналған өзекті мәселелер көтеріледі.
KAZAKBOL.COM