Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астана төрт мекемеге Интернетті бұғаттауға рұқсат берді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі үкімет қаулысына сәйкес, Интернетті бұғаттау құқығына ие болды.

Аталған мемлекеттік органдар өкілетті органмен өзара әрекет ете отырып, әлеуметтік, табиғи және техногендік тұрғыдан төтенше жағдай болғанда, үкімет мен президент байланысынан басқа Интернетті, байланыс жүйесін тоқтатуға құзыреттері бар делінген қаулы мәтінінде.

Құжат өткен жексенбіде, 28 қазанда күшіне енді.

Қазақстанда жыл басынан бері Facebook, YouTube, Instagram және Telegram желілеріне кешке жақын кіру қиындап жатады. Маусым айында қазақстандық құқық қорғаушылар «әлеуметтік желіні бұғаттауды тоқтатуға» шақырды. Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның таратқан мәлімдемесінде азаматтар кез келген уақытта қажетті ақпаратты алуға құқығы бар деген.

Айта кету керек әлеуметтік желілерді бұғаттау уақыты шетелде тұратын бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың желілер арқылы Астананы сынайтын онлайн эфирімен сәйкес келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM