Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада аштық жариялаған үлескерлерді полиция ұстап әкетті (видео)

KAZAKBOL.COM

Астанада «Комсомол» тұрғын үй кешені құрылысы жанында пәтерлерін салып бітіруді талап етіп, аштық акциясын бастаған үлескерлерді полиция күштеп ұстап алып кетті.

Астанада проблемалы тұрғын үй құрылысының үлескерлері салушылардың іс-әрекетіне келіспейтінін білдіріп, аштық жарияламақ болған. Олардың сөздерінше, осыған дейін «Азбука жилья» компаниясы салып бастап, аяқталмай қалған «Комсомольский» тұрғын үй кешенінің құрылысын жалғастыру үшін «Орда инжиниринг» компаниясына берген. Бірақ бұл компания да құрылысты аяқтауға асықпайды дейді үлескерлер.

Оқиға орнынан:

Үлескерлер үш-төрт шатыр тігіп, орныққаннан кейін жарты сағаттан соң ол жерге прокуратура өкілдері мен полицейлер барды. Әуелі Есіл аудандық прокурорының орынбасары Сергей Смолин үлескерлерге «қарсылық акциясын рұқсатсыз өткізіп жатқанын» ескертті. Бірақ үлескерлер өздерінің қарсылық жиынын емес өткізіп жатпағанын, аштық жариялап жатқанын, ол үшін рұқсат алу керек емесін айтты.

Бұдан соң прокурор полицейлер басшысымен аз-кем кеңесті. Сосын арнайы автобустармен келген полиция арнайы жасағы үлескерлерді күштеп көтеріп автобусқа тиеп әкетті.

Қалалық әкімдіктің әкімшілік құқықтық бөлімінің басшысы Досдан Исабек үлескерлердің «заңсыз акция өткізгенін» айтты. Ол үлескерлер мәселесіне қатысты «Әкімдік шаралар қабылдайды, біртіндеп шешіледі. Үлескерлердің айтқанын басшылыққа жеткіземіз» деді.

2016 жылы «Азбука жилья» компаниясының басшылары қаржы жымқырды деген айыппен сотталған. Компанияның бірқатар нысандары салынып біткен, қалғандары аяқталмай тұр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM