Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Астанада тағы да оқыс жағдай: Бесінші қабаттан екі жасар сәби құлап кетті

KAZAKBOL.COM

© Sputnik / Андрей Стенин

Астанадағы үйлердің бірінде бесінші қабаттың терезесінен екі жасар бала құлап кетті. Абырой болғанда, ол аман қалған деп хабарлады бейсенбіде қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

«Бүгін сағат 16.00 шамасында полицияға бесінші қабаттың терезесінен екі жасар бала құлап кетті деген хабар түсті. Сәби шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп тұрғанда құлап кеткен», — деп хабарлады полициядан.

ІІД қызметкерлерінің деректеріне сәйкес, бүлдіршін ауыр жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген.

Полиция ата-аналарға балалардың терезені өз бетімен аша алмаулары үшін кедергілер орнатуды, сондай-ақ терезенің жанынан бүкіл жиһазды алып тастауды ұсынады.

Еске сала кетейік, бұл соңғы тәулікте Астанада болған үшінші оқыс оқиға.

3 мамыр күні  кешкісін жиырма жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің 21-ші қабатынан құлап мерт болса, бүгін 17 жастағы қыз Министрлік үйіне қарсы беттегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінен секіріп кетті.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM