Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Астаналық жігіт «хатшы» қыздардың қалай көтеріліп кететінін айтып берді

KAZAKBOL.COM

Астаналық азамат елордадағы «хатшы қыздар» туралы бар шындықты жайып салды. Оның айтуынша, жас қыздар жұмысқа тұрып, қызметін өсіру үшін бастықтың «көңілін табудан тайынбайтын» көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордалық Арман есімді (авт. аты-жөні өзгертілді) жігіт бұрындары Астанадағы белді кәсіпкердің жүргізушісі болғанын айтты.

Айтуынша, бай бастығына қызмет еткен ол ауқатты адамдардың «хатшы қыздармен» қалай көңіл көтергендігін талай рет көріпті.

«Астаналық секретаршалардың жұмысқа қалай тұратынын білеміз. Несін жасырайын, кезінде ауқатты бір кәсіпкердің жүргізушісі болдым.

Әрине, біреудің жеке өміріне сұқтанғаным емес, бірақ сол жылдары талай «қызықтарды» көрген едік. Бастығым балажан, керемет адам болды.

Ол кісінің көлденең жүргенін байқамаппын. Бірақ араласатын достары, таныстарын талай рет өздерінің қол астындағы хатшы қыздармен көңіл көтерітінін көргенмін.

Байларда ақша жетеді ғой? Алдымен қымбат мейрамханаға барады, сосын, қонақүйге, не болмаса осындағы пәтерлеріне барады.

Ол аздай, осылай біз сияқты жүргізушілеріне сол қыздарды анда-сында тасытып қояды. Солардың осындай ит тірлігін көріп, жұмыстан шығып та кеттім.

Қазір өкінбеймін, біреуден кем, не артық емеспін. Бірнеше жерде жұмыс істеймін, арасында осылай жолаушы тасуға да шығып тұрамын», — деп баяндады ол әңгімесін.

Сонымен бірге, ол «хатшы» қыздардың біреудің отбасын ойран етіп қана қоймай, қызметте өсуді көздейтінін айтты.

«Байларға не жетпейтінін түсінбейсің? Әйелдері, балалалары бар, жағдайлары бар, содан артық не керек?

Жоқ, жаңағыдай жас қыздарды хатшы қылып алады да, шаңырақтарын ойран етіп жатады. Ондай қыздар жай «секретарша» болып отырмайды, сосын бір бөлімнің бастығы болғанда, тіпті шалқаңнан түсе жаздайсың.

Менің бұрынғы қожайынымның дәл сондай досы болған. Үш баласы бар әйелімен ажырасып, өзінің хатшы қызына үйленді. Ата-анасы да бәрі қарсы болды.

Оған амал нешік, әлгі қыз дегеніне жетті. Осындайда байлықтың да, ақшаның да керегі жоқ деп қаласың.

Қарапайым отбасылар сияқты несие төлеп, тыраштанып пәтерге ақша жинап, бала-шағаңның қызығын қызықтағанға ештеңе жетпейді», — деді ол.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM