Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауғанстанда терактіден ондаған адам қаза тапты

KAZAKBOL.COM

Ауғанстан билігі ел солтүстігінде террорист мешітте өзін жарып жіберіп, 20 адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында «Талибан» командирі де бар.

Сар-и-Пул уәлаятының бас полицейі Абдул Кауам Бакизои шабуыл ауыл ақсақалдары мен тәліптердің ресми өкілі кездесіп отырған кезде жасалған. Бакизои «ешбір ұйым әлі өзіне жауапкершілік алмады, бірақ мұның артында Ислам мемлекеттінің (Қазақстанда тыйым салынған ұйым — ред.) содырлары тұр» деп мәлімдеді.

Соңғы кездері Ауғанстанның солтүстінде «Талибан» мен Ислам мемлекеті арасында ұрыс күшейген. Сар-и-Пул уәлаятының бас полицейі соңғы бірнеше күнде екі жақта қаза тапқандар саны жүзге таяғанын айтты.

Уәлаят кеңесінің басшысы Мухаммед Нур Рахман «соққы мешітке жаназа өтіп жатқан кезде жасалды» деп мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда өткен айда атыс уақытша доғарылғанына қарамастан, алғашқы жарты жылда қаза тапқан бейбіт адамдар саны бойынша көрсеткіштің рекордтық деңгейге жеткені туралы хабарлаған. Жараланғандар саны бес пайызға азайғанымен, яғни 3430 адамға кемігенімен, қаза көрсеткіші бір пайызға өсіп, 1692 адамға жеткен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM