Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан: базалар мәліметінде 1 миллионнан астам адамның мәртебесі анықталмаған

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның бес аймағында (Түркістан, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы) бір миллионнан астам адамның мәртебесі анықталмаған.

28 тамызда үкімет отырысы кезінде Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жыл басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмағанын, бүгінде 1,3 миллион адамның мәртебесі анықталғанын айтты. «Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталып жаңартылды», — деді Әбілқасымова.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев еңбек министрлігі мен облыс билігіне халықтың өзін-өзі қамтып жүргендерді тіркеуді жалғастыруды тапсырды.

2017 жылдың қыркүйек айында парламент отырысына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі қамту салықтан қашу деп, үкіметке оларды көлеңкеден шығаруды тапсырған.

Қазақстан халқы саны ресми статистика бойынша, 18 миллионнан асады. Екі миллионнан астам адам өзін-өзі қамтитындар санатына жатады. Жұмыссыздар саны ресми мәлімет бойынша, 5 пайыздан аспайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM