Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда қаржы жымқырды деп айып тағылған танымал тұлғалар кімдер?

KAZAKBOL.COM

Жұрт соңғы он екі айда «ақша жеді» деген атқамінерлердің жағалай қамауға алынып жатқанының куәсі болып келеді. NUR.KZ порталы парамен ұсталып, қаржы жымқырды деп айып тағылған еліміздің белгілі тұлғаларын назарларыңызға ұсынады.

Қуандық Бишімбаев — ұлттық экономика экс-министрі

Қуандық Бишімбаев. Фото әлеуметтік желіден алынды

Желтоқсанның соңында Бишімбаев Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды. Ақорданың баспасөз қызметі ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың орынынан кетуін «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне қатысты мәселелердің туындауына байланысты деп түсіндірді.  Ал, 10 қаңтарда Қуандық Бишімбаев қамауға алынды.  Бишімбаев аса ірі көлемде бірнеше рет топ болып алдын ала келісім жасау арқылы пара алғаны үшін ұсталды. Заңсыз алынған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жұмсап отырған. Қылмыстық кодекске сәйкес, Бишімбаев Астана қаласы ІІД уақытша оқшаулағышына қамалған болатын. Қазіргі таңда соталды тергеу жүргізілуде.

Руслан Ерденаев  — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы

Руслан Ерденаев. Фото желіден алынды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Руслан Ерденаев өзгенің мүлкін заңсыз иеленіп, өз қажетіне жұмсады деп күдіктелуде. Күдікке іліккендер екі айға қамауға алынды.  Одан бөлек, «БЗЖҚ» қаржы тәуекелі басқармасының басшысы М.Базтовқа, «АлатауМұнайАлтын» АҚ қадағалау кеңесінің төрағасы Б.Кенжебаевқа, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры  А. Найзағаринға бұлтартпау шаралары қолданылды.

Сақташ Хасенов — Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау комитетінің экс-төрағасы

Сақташ Хасенов. Фото: kazpravda.kz

Ветеринарлық бақылау комитетінің төрағасы кәсіпкерден 5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолға түскен болатын. Сақташ Хасенов Қазақстанға кіргізілетін еттің әр келісі үшін бизнесмендерден ақша алып келген екен. Сөйтіп, комитет төрағасы сыбайласымен бірге 8 ай ішінде қалтасын 37 миллион теңгеге қампайтып үлгерген.

Сейтқазы Матаев – Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы

Сейтқазы Матаев және Әсет Матаев. Фото: qamshy.kz

3 қазанда Қазақстан журналистер одағының төрағасы, ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты «қаржы жымқырды» және салықтан жалтарды» деген айыптармен алты  жылға соттады. Ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев «қаржы жымқырды» деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырды. Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне — 169 миллион теңге, «Қазақтелеком» компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімдері), оның ішінде ұлттық баспасөз клубы мен бірнеше көліктері тәркіленетіні айтылды. Әкесі мен ұлы өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтарға шыққан сот үкімін айыптады.

Василий Ни — «Қорғас» халықаралық орталығының экс-президенті

Василий Ни. Фото: today.kz

«Қорғас» халықаралық орталығының президенті Василий Ни 1 млн доллар пара алған жерінен ұсталған болатын. Құзырлы органдардың ақпаратына сүйенсек, В.Ни «Қорғас» ШЫХО» АҚ Президенті қызметінде 2016 жылдың жаз айында «Тюльпан Хоргос» ЖШС өкілінен қонақ үй кешені құрылысын жеңіп алу инвестициялық байқауында жеңімпаз атану үшін 1 млн АҚШ доллары көлемінде заңсыз «сыйақы» талап еткен. Ойын жүзеге асыру үшін В.Ни қол астындағы қызметкер, Инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваны қылмыстық іске тартқан. Ол В.Нидің пара алуына көмектескен. 20 желтоқсанда қылмыстық іс сотқа түсті.

Талғат Ермегияев — «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы

Талғат Ермегияев. Фото: kapital.kz

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев 14 жылға сотталды. Талғат Ермегияев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Ол Ұлттық компания басшылығы міндетін атқарып жүріп, ұйымдасқан жемқорлық әрекеттеріне барғаны үшін ұсталған. «Ермегияев ісіне» қатысы бар Қажымұрат Үсенов 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Cот барысында Ермегияев өз кінәсін мойындаған жоқ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM