Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда «жихадшылар» ісі бойынша екі айыпталушы сотқа бойкот жариялады

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда «жихадшылар» ісі бойынша екі айыпталушы 15 қазанда прокурор Дәурен Бұлғымбаевқа сенімсіздік танытып, сотқа бойкот жариялады. Он айдан астам уақыт тергеу абақтысында отырған бұл екеуіне терроризмді насихаттады және «қарулы жихадқа шақырды» деген айыптар тағылып отыр.

Сотталушы Алмат Жұмағұлов бұл әрекетін айдауыл мен тергеу абақтысы әкімшілігінің заң бұзушылықтары туралы 4 қазанда түсірген шағымдарына құлақ аспағанымен түсіндірді. Сол себепті ол судьяға бойкот жариялап, аузын қағаз скотчпен жапсырып алды. Сотталушы Оралбек Омыров бұл бойкотты қолдады.

Сотталушы Кенжебек Әбішев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға ауыстыруын сұраған. Бұның алдында оның жүрегі ауыратыны анықталған.

Прокурор Дәурен Бұлғымбаев сотталушы Әбішевтің өтінішіне қарсы шықты.

«Жихадшылар» ісіндегі үшеу өздерін аса діндарға жатқызбайды, зайырлы өмір сүреді және тағылған айыптарды жоққа шығарды. Қазақстандық бірқатар адам құқығын қорғаушылар Әбішев пен Жұмағұловты саяси тұтқындар деп таныды. Билік олардың қоғамдық-саяси мәртебесіне қатысты пікір білдірген емес.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM