Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҰҰ Тәжікстанды қыздардың пәктігін тексеруді доғаруға шақырды

KAZAKBOL.COM

БҰҰ-ның әйелдерді алалауға қарсы күрес комитеті Тәжікстан билігін неке қияр алдын қыздың пәктігін тексеруді доғаруға шақырды. БҰҰ мұндай тәжірибенің медициналық қажеттілігі жоқ деп есептейді.

БҰҰ комитетінің кеңесі 12 қарашада жарияланды. Онда Тәжікстанның Отбасы кодексіне қабылданған түзетулердегі неке қияр алдындағы медициналық тексеруден өту көбіне қыздың пәктігін тексеру үшін қолданылатынын, бұның соңы кей жағдайда суицидке әкеп соқтыратыны айтылған.

2016 жылы қабылданған бұл заң бойынша, некеге тұрар бұрын жастар тегін медициналық тексеруден өтуі тиіс. Мұндай құжатсыз АХАЖ мекемесі жастардың некесін қимайды.

БҰҰ сарапшылары мен адам құқығын қорғаушылар 21 ғасырда «пәктік» адамның арын анықтайтын индикатор бола алмайды деп есептейді. Өйткені БҰҰ әйелдердің фундаменталдық құқығы — өз таңдауын еркін жасау үшін күресіп келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM