источник: РИА "Новости"

KAZAKBOL.COM

«Зерттеулерді басқару орталығы» Орталық Африка Республикасында ресейлік журналистердің қазасына дербес зерттеу жүргізе бастады. Бұл туралы жобаны «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

ЗБО – Михаил Ходорковскийдің журналистік жобасы. Дәл осы жоба үшін Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченко Африкаға «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы туралы деректі фильм түсіруге барған.

Бұның алдын журналистердің қазасы туралы мәлім болды. Олардың автокөлігін Банги қаласына жақын маңда атқылаған делінді. Бұған қоса оларды тонағысы келген болуы керек деген хабар тарады. ЗБО-ның хабарлауынша, журналистердің видео және фотоаппаратуралары, сонымен бірге тоғыз мың доллары болған.

Ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, шабуылға жергілікті «Селека» террористік тобының қатысы болуы мүмкін. Журналистерді өлтірерден бұрын содырлар оларды тергеген деген мәлімет бар.

Джемальдың, Расторгуевтің және Радченконың денелерін Ресейге 4 тамызда жеткізеді.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя