Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БАҚ: Трамп Нойертті БҰҰ-дағы елші қызметіне тағайындады

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Хизер Нойертті АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындауға шешім қабылдады.

Бұл туралы сенімді үш дереккөзіне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады. Нойерттің БҰҰ-дағы қызметке ұсынылғанын кейін Reuters агенттігі мен тағы бірнеше БАҚ хабарлады.

Fox News-тің хабарлауынша, 7 желтоқсан күні Трамп Twitter-дегі парақшасында бұл ақпаратты растайды. Трамп бір ай бұрын журналистерге БҰҰ-дағы тұрақты өкіл қызметіне Нойертті таңдағанын хабарлаған.

Bloomberg-тің дерегінше, 48 жастағы Нойерттің жоғары мемлекеттік қызметте тәжірибесі аз.

Хизер Нойерт Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы болғанға дейін ұзақ уақыт ABC News телеарнасында тілші болып жұмыс істеп, кейін Fox News-ке кеткен. Нойертке мұнда Дональд Трамп жақсы көретін телевизиялық шоудың бірі Fox and Friends бағдарламасын жүргізуді ұсынған.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы қазіргі тұрақты өкілі Никки Хейли қазан айында жыл соңына дейін отставкаға кететінін хабарлаған. Хейли ол кезде АҚШ президенті әкімшілігінен басқа жердегі жаңа жұмысында президентті қолдай беретінін мәлімдеген. Алайда, қарашаның ортасында New York Times газеті Никки Хейли Майкл Пенстің орнына АҚШ вице-президенті болуы мүмкін екенін жазған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM