Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БАҚ: Қытайда қырғыздарды жаппай ұстап, саяси лагерьге жіберіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Қытайдың мың жарымдай қырғыз халқы тұратын Кайыз ауылында 300-ге жуық адамды ұстап, саяси лагерьге жіберген. Осылай деп «Азат Азия» радиосы аталған ауылдың тұрғындарына сілтеме жасап, хабарлайды.

Қырғызстанға оралған қырғыздар саяси лагерьлерде адамдарды азаптайтынын айтып жатыр.

Синьцзянда қырғыз ғалымдарының ұсталып жатқаны да айтылады. Қырғыз белсендісі Едил Байсалов Твиттер парақшасына этникалық қырғыздардың ұсталған тізімін жариялады. Олардың дені зиялы қауым өкілі.

Осыдан бес жыл бұрын Қырғызстанға оралып, оралман мәртебесін алған Тұрсунаалы Үсен Қытайдағы туыстарының жаппай ұсталып жатқанын айтады.

«Құлжадағы Шаты ауылынан келгем. Ата-анам, туыстарым бәрі сонда қалды. Қазір олармен хабарласа алмай отырмын. Ауылда осыған дейін ұйғыр, қазақ, қытай, қырғыз және моңғол мектептері болатын. Қазір тек қытай мектебін қалдырып, қалғанын жапты. Ата-анам 80-ге келіп қалған. Олар да ұсталды. Олар мұсылмандарды жаппай ұстап жатыр. Ауылда ешкім қалмады. Қытай билігі қайта тәрбиелеу орталығы дейді. Бірақ бұл шын мәнінде түрме», — дейді Тұрсунаалы Үсен.

Қырғызстандағы оралмандар биліктен ресми жауап ала-алмағандықтан, Қазақстандағы «Ата-Жұрттың жас еріктілері» ұйымына қайрылған.

Үрімшідегі ақпаратқа қарағанда, Қытайда 50 мыңнан астам қырғыз ұсталған. Осыған дейін Қазақстан Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайына алаңдап, хат жолдаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM