Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасының отбасылық өмірі туралы құпияны ашты (фото)

KAZAKBOL.COM

Бақытбек Есентаев. Фото: instagram.com/nagima.yessentayeva

Өзін Instagram желісінде Бақытбек Есентаевтың қарындасы ретінде таныстырған Нағима Есентаевтар отбасында болған соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, Бақытбекті жақсы азамат ретінде танитынын алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Нағима Есентаева желі парақшасында Бақытбек Есентаев туралы жазбаны соңғы рет 23 ақпан күні қалдырған. Онда ол темір торда отырған Есентаевтың кезінде Совет армиясында Отан алдындағы борышын атқарғанын сөз етеді.

«Артымнан ерген ерке қарындасым менің, бұл өмірде сенің барың, аман-есен бақытты болып,  артымнан еріп жүргенің мен үшін үлкен бақыт», — деп күліп, маңдайымнан иіскеп қоятын. Осы постты жазып отырсам, ағам звондап қалды. Мәз болғаным ай. Сіздердің, ел-жұртымның, халқымның, жерлестерімнің, туыстарымның, барлығының оған тілеулес екенін айтып үлгердім. Баршаңызға үлкен алғысын айтып, сәлемін жолдап жатыр», — деп жазған Нағима.

Ол ағасына тоғыз ай сайын кездесуге барып тұратынын, сыртынан халін сұрап, тамағын апаратынын айтуда. Сонымен қатар Нағима Есентаева ағасының ақ көңіл, кең пейіл жан екенін алға тартқан.

«Өмірімде бірінші Аллаға рахмет айтамын. Сендей ақ көңіл, кең пейіл азаматты жаратқанына… Ортамызға аман-есен тезірек оралсаң екен, жан ағам», — деп сағынышын жеткізді Нағима Есентаева.

Нағима Бақытбектің аман-есен бостандыққа шығуына тілеулес болған пікір қалдырушыларға оның біраз құпияларын айтып, ағынан жарылған. Ол, тіпті Бақытбек Есентаевтың қыздары Айсәуле және Айарумен араласпайтынын айтып қалды. Дегенмен, олардың отбасылық суреттерін желі парақшасында жиі жариялап тұрады.

Нағима кім не десе де, ағасын адал жан деп білетінін айтып, оның отбасы десе ішкен асын жерге қоятынын сөз етті.

«Қыздарым үшін бәріне көнемін деп айтқаны әлі есімнен кетпейді… Жанұя дегенде жаныңды беріп, «Алладан кейін қасиеттісі тек жанұям» деп үнемі айтып жүруші едің. Осы бір керемет қасиетіңді біреу білсе, біреу білмес. Екі ай болды, жаң айқайымды өзіңе жеткізгім келеді. Бірақ өзіңмен кездесуге барғанда тамағыма тығылатын өксігімді өзіңнен жасырып, бетіңе күле қарап, осалдығымды білдірмей қайтам. Мен ес білгелі анамның жоқтығын да білдірмедің, кейін келе әкемнің жоқтығын да білдірмедің. Қатардан қалтырмай, не кием, не жеймін, не мінемін, қайда тұрамын, қайда барамын дегізбедің. Сендей қамқор жан ешқашан менде болған емес. Ренжімеші, бүгін сенің тіліңді алмадым. Неге екенін білмеймін, бүгін көз жасымды тыя алар емеспін», — деп күйінішін білдірді Нағима Есентаева.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM