Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Бірінші дұрыс сөйлеуді үйреніңіздер?»: Байзақова Ләйлә Сұлтанқызын сынап тастады

KAZAKBOL.COM

Атышулы Айжан Байзақова 7-арнадағы «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызын сынады.

Оның айтуынша, танымал тележүргізуші мен оның әріптесі этикадан жұрдай екен.

«Маған отандық телеарналарды көрме дегенде тыңдамап едім. Сөйтсем, бекер олай айтпапты. Таңғы сағат 05:00-те «Өз ойым» бағдарламасын көремін деп жағамды ұстадым. Тележүргізушілер бұл жерге қалай келген? Барып тұрған «гомофоб». Бұл орынға қалай келдің? Аузын ашқан сайын сөйлемесе екен деп отырдым. Жүргізуші әйел бұрыннан танымал екен. Бірақ ешқандай этика жоқ. Ол ұлттық арнада қалай жұмыс істеп келе жатыр. Телевидение сіздің жеке Instagram-парақшаңыз емес. Бағдарламаға келген қонақты әдейі агрессияға итермелейді де, артынан сабырға шақырады. Бұл не сұмдық? Сіз бағдарламаға қатысуға шақырған адам неге міндетті түрде қазақша сөйлеуі керек? Ендеше аудармашыны шақырыңдар. Осы бағдарламаның құрметті жүргізушілері журналистикаға келместен бұрын бірінші дұрыс сөйлеуді үйреніңіздер. Өздеріңіздің діни көзқарастарыңыз бен тәрбиелеріңізді тықпалағанды қойыңыздаршы», – деп жазды Айжан Байзақова өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол теріс пікір қалдыратын өз оқырмандарынан біреудің өміріне араласпауларын сұрады.

источник sn.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM