Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Прокурор Әблязовті өмір бойына түрмеге жабуды сұрады

KAZAKBOL.COM

Таразда Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор бұрынғы банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты айыпталған Мұхтар Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 22 қараша күні өткен сотта прокурор Ілияс Есқалиев Әблязовтің Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны «толық дәлелденгенін» айтты.

Прокурор Әблязовті Қылмыстық кодекстің күші жойылған 1997 жылғы редакциясының «қылмыс жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуына басшылық жасау» және «адам өлтіру» баптарымен айыпты деп танып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үкімін кесуді сұрады.

Адвокаты Жанар Қисықова сотта Мұхтар Әблязовтің кінәсі дәлелденбегенін айтты.

Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп өлген. Сол кезде мұны сот «жазатайым оқиға» деп танып, банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмади «Тәтішевті «ТұранӘлем» банкін иеленуді көздеген Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім» деген. Сот оны 2018 жылы он жарым жылға соттаған.

Қазақстан бас прокуратурасы 4 сәуірде Мұхтар Әблязовтің үстінен «банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

​Осыдан кейін Мұхтар Әблязов Азаттыққа Ержан Тәтішев өліміне қатысты тергеуге және сотқа қатысуға дайын екенін мәлімдеген. Ол сотқа Тәтішев өліміне қатысы бар деп сотталған Мұратхан Тоқмади келсе ғана отырыстарға видео арқылы тікелей қосылатынын айтқан.​

Мұхтар Әблязов 2009 жылдан бері шетелде тұрады, өзіне қатысты барлық айыптаулардың саяси себебі бар деп санайды. Қазақстан соты Әблязовті «қылмыстық топ құрды» және «ақша жымқырды» деп, 2017 жылы сырттай 20 жылға соттаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM