Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкек қоқыс төгетін орынды қалпына келтіру келісімін бұзбақ

KAZAKBOL.COM

Бішкек басшысы Айбек Жунушалиев қаладағы қоқыс төгетін орынды қалпына келтіру жөніндегі келісімді бұзғысы келетінін мәлімдеді. Бұл жұмысты Ehitusfirma Rand Ja Tuulberg AS эстон компаниясы атқаруы тиіс.

Оның айтуынша, Еуропадағы даму және қайта құру банкі бөлген 22 млн евроның қазір 10,5 миллионы ғана игерілген.

«Бірақ өздеріңіз көріп отырсыздар, ешқандай өзгеріс жоқ. Біз тендердің қаншалықты заңды өткенін тексере бастадық. Жұмыс дұрыс атқарылмаған. Бірақ эстон жағы жауапты созып отыр. Соттасу керек болса, біз дайынбыз», — деді қала басшысы.

Ол қоқыс төгетін жер экологияға қауіп төндіріп тұр деп мәлімдеді. Бұл мәселеде Еуропадағы банк Бішкек әкімдігін қолдап отыр, дейді қала басшысы.

Ehitusfirma Rand Ja Tuulberg AS компаниясы қоқыс төгетін орынға жаңа таза полигон салатыны 2017 жылы хабарланған. Сол кезде жаңа полигон екі жылда салынады делінген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM