Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкек экс-мэрі Ибраимовқа тағы бір айып тағылды

KAZAKBOL.COM

Бішкектің бұрынғы мэрі Әлібек Ибраимовке «сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша айып тағылды деп мәлімдеді Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК).

Айып муниципалдық жер телімдерін жеке және заңды тұлғаларға беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағылған.

Тергеу долбарынша, Ибраимов Бішкек мэриясының басқа да лауазымды тұлғаларымен бірге муниципалдық жер телімдерін жекеге шығару қитұрқылығын ұйымдастырған. Жер телімдері жалған адамдардың атына рәсімделіп, олар арқылы басқа адамдарға берілген.

ҰҚМК Ибраимовтің ұсталғаны туралы 19 шілдеде хабарлаған. Бішкектің 1-май аудандық соты оны 29 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарған. Комитет мәлімдемесінде тергеу барысында Ибраимовтің ықтимал заңға қайшы іс-әрекеттерге қатысы бары туралы «сенімді деректер» жиналғаны айтылады.

Бішкек қалалық кеңесі 13 шілде күні кезектен тыс сессиясында Албек Ибраимовке сенімсіздік вотумын білдірген. 19 шілдеде Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Албек Ибраимовті Бішкек мэрі қызметінен босатқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM