Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкек мэрі Албек Ибраимов қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бішкек мэрі Албек Ибраимовті қамауға алды. Комитеттің хабарлауынша, Ибраимов тергеуге бірнеше рет шақырылған. Бірақ ол қасақана елемей, «ұстауға тырыссаңдар қарулы қарсылық көрсетемін» деп қоқан-лоққы көрсеткен.

Қауіпсіздік комитеті Албек Ибраимовтің «қатысы барына анық дәлелдер тапқан» бірнеше қылмыстық істі тергегенін айтады.

Орган таратқан хабарламада: «ТНК Дастан» ашық акционерлік қоғамының өнімдерін жоғары бағада сатып алу фактісі (анықталды). Тергеу кезінде қорғанысқа қажетті тауарларды сату жөніндегі «ТНК Дастан» компаниясымен келісім-шартқа отыру үшін Ибраимов олардан 270 мың доллар мөлшерінде сыйақы алған» деп жазылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік комитет мэрдің «Пансионат «Солнечный берег» компаниясының 100 пайыз акциясын сатқанын, бұдан «ТНК Дастан» компаниясына 152 миллион сом (24 миллион теңгедей – ред.) шығын келгенін жазады.

Мэр «Бішкекте жер бөлу кезінде коррупциялық схема құрып, жеке тұлғаларға жерді заңсыз бөліп берген» деп те күдікке ілінді.

Бішкек мэрі Албек Ибраимов 10 шілдеден бері еңбек демалысында. 13 шілде күні Бішкек шаардык кеңешинің (қаланың өкілді органының) депутаттары оған сенімсіздік вотумын жариялаған. Премьер-министр оны отставкаға жіберу туралы ұсынысқа қол қойған-қоймағаны ресми түрде әлі хабарланбады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 6 шілдеде Бішкектің оңтүстігінде жерді заңсыз бөлу ісі бойынша қаланың вице-мэрі Ренат Макенов пен мэрияның жер ресурстары басқармасының бастығын қамауға алған.

Ал 12 шілдеде «Солнечный берег» пансионатын сату ісі бойынша «ТНК Дастан» компаниясының басқарма басшысы Юрий Васильевтің ұсталғаны хабарланды.

«ТНК Дастан» компаниясының өнімдерін сатып алу ісі бойынша пікір айтқан Албек Ибраимов өзіне тағылған айыптардың «саяси астары бар» деп санайтынын жеткізген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM