Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкек пен Ташкент шекараға қатысты мәмілеге келді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан мен Қырғызстан екі ел шекарасының даулы екі бөлігіне қатысты мәмілеге келді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келісім Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтері өкілдері 15-21 қазан күндері Наманганда мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөнінде жиын өткізген.

Кездесуде екі ел делегациялары екі ел мүдделерін ескере отырып, Шахимардан участогі Ферғана облысы мен Баткен облысының аралығынан, ал Наманган облысындағы Кандиен-Булок участогі Қырғызстанның Жалал-Абад облысымен жапсарлас өтеді деген тоқтам жасады.

«Келісім қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Кездесу тату көршілік, достық ауанда өтті, байыпты диалог болды» делінген хабарламада.

Қырғызстан үкіметі аталған келісімнің нәтижесіне қатысты әзірге комментарий бермеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 1378 километрге жетеді, оның 85 пайызы анықталған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM